Павлодарда стильге арналған шеберлік сағаты өтеді

Қатысушылар базалық киімдерді үйлестіруді, стиль қалыптастыру мен қажетсіз заттардан арылуды үйренеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, 22 маусым күні сағат 18:00-де Павлодар қаласының жағалауының төменгі деңгейінде сәнге қызығатын жандар үшін ерекше іс-шара – «Чисто по стилю» атты шеберлік сағаты өтеді. Шараның мақсаты – қатысушыларға базалық гардеробты дұрыс жинау, киім үйлестіру ережелері мен стиль қалыптастырудың қарапайым тәсілдерін үйрету.
– Мастер-класты стилист, жеке кеңесші әрі Instagram-да пайдалы контентімен танымал Динара Әбілдинова @dinara.abildinova өткізеді. Қатысушылар сән әлеміне терең бойлап, өз стилін қалыптастыруға қажетті практикалық кеңестер алады. Сонымен қатар, гардеробты реттеу арқылы кеңістікті ғана емес, ойды да тазарту идеясы ұсынылады, – делінген хабарламада.
Іс-шараға алдын ала тіркелу қажет. Байланыс нөмірі: +7 705 738 2909 (WhatsApp).