Павлодарда Тәуелсіздік күніне орай музыкалық галерея ұйымдастырылады
Концерт рухани құндылыққа толы музейдің жайлы да салтанатты залында болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
15 желтоқсанда сағат 16:00-де Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейі мен дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат кешені бірлескен «Музыкалық галерея» атты концерттік іс-шарасын өткізеді.
Тәуелсіздік күніне орай бірлескен «Музыкалық галерея» атты мерекелік концертте колледж студенттері қазақ композиторларының асыл мұрасы мен халық әндерін орындап, өнер көрсетеді.
– Барша өнер мен ұлттық мұраға қызығушы қауымды осы мерекелік концертке қатысып, жас орындаушылардың өнерін тамашалауға және Тәуелсіздік рухын бірге сезінуге шақырамыз, – деді облыстық көркемсурет музейінде.
Абай мұрасына арналған экспозицияның терең атмосферасы орындалған әуендердің әсерін күшейте түспек.