Павлодарда жағалаудағы пирстің астында қалып қойған мысық құтқарылды

Павлодарда жағалаудағы пирстің астында қалып қойған мысық құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жануар жаңа жылдық отшашудан қорқып қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Зооволонтёрлердің айтуынша, Мелисса лақап атты мысық 1 қаңтардан бері пирстің астында тығылып жүрген. Бүгін ғана оны сыртқа шығарып алуға мүмкіндік туған.

– Құтқару жұмысына қатысқан барша адамға үлкен рақмет, сіздер нағыз батырсыздар! Мелиссаны бірден ветеринарлық клиникаға жеткіздік, дене қызуы төмен болған, иесіне дәрігердің нұсқаулары берілді. Қазір мысық үйінде. Алты күн бойы аязда, тамақсыз болғаннан кейін денсаулығына келетін зияны аз болады деп үміттенеміз, – дейді зооволонтёрлер.

Олар тағы да ескерту жасады: отшашу кезінде жануарларды далаға шығармауға, шулы, адам көп жиналатын қоғамдық орындарға бірге алып бармауға шақырады.