Павлодарда жолдың белгілі бір бөлігі жабылады
Көлік қатынасы үшін айналма жол ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, Успен жолынан Шарбақты жолына дейін өтетін Теміржолшылар кентіндегі жол жөнделеді.
- Осы себепті 22 және 23 қыркүйек күндері жолдың «Надежда» бағы» аялдамасынан соңғы аялдамаға дейінгі учаскесі жабылады. Айналма жол Кленовая көшесі арқылы ұйымдастырылады, - делінген хабарламада.
Мамандар, туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, тұрғындарға бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.