Павлодарда әкесі мен баласы үстел теннисінен алтын жүлдегерлер атанды

Павлодарда әкесі мен баласы үстел теннисінен алтын жүлдегерлер атанды
Фото: «Jenimpaz» үстел теннисі орталығы

Мұндай оқиға орталық тарихында алғаш рет орын алуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Jenimpaz» үстел теннисі орталығында ҚР Спорт күніне арналған үстел теннисінен ашық облыстық турнир өтті. Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен 80-нен астам спортшы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша 18-35 жас аралығындағы ерлер арасында алтынды Сүйіндік Мансұр, күмісті Серікбай Ержігіт, қоланы Рүстем Хайдаров иеленді. 36 жастан жоғары ерлер арасында алтын медальді Ақылбек Рахметов, күмісті Дастан Жұмалиев, қоланы Жұмабек Розанов жеңіп алды.

Дәл осындай ретпен 13 жасқа дейінгі ұлдар арасында жүлдегерлер қатарына Ағзам Нұрмаханбет, Айсұлтан Байдүйсен, Нұрдәулет Жаралғапұлы, 14-18 жас аралығындағы қыздар арасында Томирис Жақсыбек, Айкөркем Батырова, Даяна Жакенова, ал 13 жастан кіші қыздар арасында Адия Сәрсембаева, Айым Қуандық, Айсана Әбілтаева кірді.

Сондай-ақ турнир қорытындысы бойынша орталық тарихында алғаш рет әке мен бала Ақылбек Рахметов пен Ағзам Нұрмаханбет өз жас санаттары бойынша алтын медальға ие болды.