Павлодарлық құтқарушылар әйелдің өмірін сақтап қалды

Павлодарлық құтқарушылар әйелдің өмірін сақтап қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар еденде жатқан әйелге алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Өткен демалыс күндері құтқарушылар 6 шақырылымға шықты. Олардың жұмысы тек төтенше жағдайларды жоюмен ғана шектелмейді. Сонымен қатар тұрмыстық оқиғалардан бастап, азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерге дейін көмек бере алады. Әрбір кезекшілік — бұл өңір тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік, кәсібилік және үйлесімді іс-қимыл болып табылады, - делінген хабарламада.

Мәселен, 112 операторының пультіне облыс орталығында Бұқар жырау көшесіндегі пәтерлердің бірінде әйелдің есік ашпай жатқаны туралы хабарланды. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар полиция қызметкерлерімен және әйелдің туыстарының қатысуымен есікті шанц құралының көмегімен ашқан. Жиналғандар пәтердің кіреберіс еденінде жатқан әйелді тапты. Құтқарушылар жәбірленушіге алғашқы дәрігерге дейінге медициналық көмек көрсетіп, 103 бригадасын шақырған. Сондай-ақ, құтқарушылар қала тұрғынын жедел жәрдем көлігімен әрі қарай ауруханаға жатқызу үшін тасымалдауға көмек көрсетті.