Павлодарлық дәрігерлер пневмококктан қалай сақтану керектігін айтты
Бұл инфекция көбінесе пневмония түрінде байқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта балалар арасындағы жұқпалы аурулардың негізгі себептерінің бірі пневмококк болып табылады.
Аурудың даму қаупі жоғары санатқа екі жасқа дейінгі балалар, шала туған нәрестелер, жақында жұқпалы аурумен ауырған балалар, созылмалы аурулары бар балалар және иммундық жүйесі бұзылған балалар жатады.
Инфекция ауа тамшылары арқылы таралады. Инфекция жөтелгенде түшкіргенде немесе ауыратын адаммен сөйлескенде жұқтыруы мүмкін. Адамның пневмококк инфекциясына бейімділігі өте жоғары.
Пневмококк инфекциясы пневмония, іріңді менингит, бронхит, отит, синусит, сепсис, артрит түрінде көрінуі мүмкін.
– Сондай-ақ күнделікті негізгі профилактикалық шараларды, мысалы, оқу және демалу режимін сақтау, қатты шаршамау, ашық ауада көбірек уақыт өткізу және дұрыс тамақтану қажет. Адамдар көп жиналатын іс-шаралар мен орындарға барудан аулақ болу, қол гигиенасын сақтау, үй-жайларды желдету және ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу керек, – деп атап өтті дәрігерлер.
Бірақ ең тиімді әдіс– вакциналау. Вакцинациядан бұрын бала ата-анасының жазбаша келісімімен дәрігер немесе фельдшердің тексеруінен өтуі керек.
Екпе алуды мерзімдері Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесімен – 2, 4, 12-15 айлығында бекітілген.