Павлодарлық депутаттар ауылдың бірінде салынған медициналық нысанның сапасын тексерді
Набережное ауылында партиялық бақылау бекеті орнатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесінің мүшелері Павлодар ауданының Набережное ауылында салынған фельдшерлік-акушерлік пунктіне мониторинг жүргізді. Депутаттар, тапсырыс беруші мен мердігер ұйымның, техникалық қадағалаудың, жобалау бюросының, әлеуметтік қорғау бөлімінің өкілдері ФАП аумағы, ішкі үй-жайлар, санитарлық-гигиеналық бөлмелерін тексерді.
– Мониторинг барысында нысанның әрлеу, жабдық, желдету, жылыту, сумен жабдықтау сапасына байланысты бірқатар ескертулерді анықтадық. Медициналық нысандар барлық сапа стандарттарына сәйкес келуі керек. Елді мекеннің қашықтығына, халық санына қарамастан, құрылыс жұмыстарына барынша жауапкершілікпен қарау керек, – деді өңірлік кеңес төрағасының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі Марина Стрелковская.
Сондай-ақ, мүгедек жандарға қолжетімділікті ұйымдастыруға қатысты ұсыныстар берілді.
– Бюджет қаражатының ұтымды пайдаланылуын бақылап қана қоймай, медициналық және білім беру қызметтерін алу құқықтарын сақтау маңызды,– деп атап өтті жұмыс тобының мүшесі, «Қолжетімді Қазақстан» жобасының жетекшісі Александра Шаронова.
Набережное ауылының медициналық пунктінде партиялық бақылау бекеті орнатылды. Ол медициналық пункт пайдалануға берілгенге дейін жұмыс істейтін болады. Желтоқсан айында барлық кемшіліктердің орындалуына қатысты қайта мониторинг жүргізіледі.
Мониторинг «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы және «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды.