Павлодарлық коалиция мүшелері облыстың әрбір үшінші тұрғынына жетті

Павлодарлық коалиция мүшелері облыстың әрбір үшінші тұрғынына жетті
Фото: автор

Барлығы 1417 үгіт-насихат іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының облыстық офисінің төрағасы Илья Теренченко аймақтық кеңсенің жұмысын қорытындылады. Оның айтуынша, аймақтағы жұмыс барысында 219 адаммен кездесу ұйымдастырылды.

- Біз бұл статистиканы өңір тұрғындарының жоғары деңгейдегі қатысқанын көрсету үшін айтып тұрмыз. Жаңару уақыты келді. Жаңа Конституция елдің және барлық қазақстандықтардың тұрақтылығы мен өркендеуіне қызмет етеді, - деді Илья Теренченко Марғұлан университетінде өткен конференцияда сөйлеген сөзінде.

Айта кету керек, бұл университетте қабылданған Конституцияны және оны қоғамдық өмірде одан әрі енгізуді талқылауға арналған конференция өтті.