Павлодарлық музейлер елде ең үздік деп танылды

Павлодарлық музейлер елде ең үздік деп танылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар бір миллион теңге ұтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлеріне арналған «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалі қорытындыланды. Байқау үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Атап айтсақ, мемлекеттік музейлер, кітапханалар және мәдени-демалыс ұйымдары арасында өтті. Оған қатысу үшін 86 кітапхана, 50 мәдени-демалыс ұйымы және 32 мұражай өтінім тапсырған. Байқау материалдарын үш күн бойы білікті қазылар алқасы сараптады. Қорытынды отырыс нәтижесінде 19 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Оның арасында павлодарлық екі музей жүлделі орындарға ие болды. 

«Үздік облыстық маңызы бар музей» номинациясы бойынша «Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі» жеңімпаз атанса, «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар музей» деп мультимедиялық «Ertis» музейі танылды. Ал «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясын С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығының жетекшісі Хонж Алпысбай иеленді.