Павлодарлық оқушылар кесенелердің 3D-макеттерін жасады
Оқушылар екі санатта бақ сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Экология және туризм орталығы «Ертіс өңірінің киелі және тарихи орындары бойынша online-экспедиция» байқауын өткізді. Қаланың сегіз мектебінен 22 оқушы қатысты.
«Павлодар облысының киелі және тарихи орындарының 3D-атласы» номинациясы бойынша Андрей Блашкин жеңімпаз атанды. Ол Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесінің көлемді макетін ұсынды.
Екінші орынды тоғызыншы сынып оқушысы Сәуле Қайроллақызы иеленді. Ол Г.Н. Потанин мұражайына шолу онлайн турын көрсетті. Ал тоғызыншы сынып оқушысы Азиза Сағадатқа Исабек ишан кесенесінің 3D макеті жасағаны үшін үшінші орынды берді.
«Павлодар облысының киелі, тарихи орындарының электрондық ашықхаты» номинациясы бойынша Алдияр Дәуітбек «Көрікті мекен- Баянауыл» жұмысымен жеңімпаз атанды. Екінші орынды Әлихан Молдашпаев иеленді, ол 2024 жылға арналған электрондық күнтізбені ұсынды. Аурика Тумаренко қаланың діни нысандарының ерекшеліктері туралы жұмысымен және Стефания Ивахненко «Қоңыр әулие үңгірі» тақырыбымен үшінші орынға ие болды.