Павлодарлық полицейлер оқушыларға «102» қосымшасы туралы айтып берді

Павлодарлық полицейлер оқушыларға «102» қосымшасы туралы айтып берді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шараға үш жүзге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, № 16 мектебінде полицейлер «Заң және тәртіп» қағидатын түсіндіру мақсатында құқықтық сағат өткізді.

Сағат барысында тәртіп сақшылары оқушыларға құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтып берді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүруіне тыйым салатын заңның маңыздылығын еске салды. Оқушыларға жол жүру ережелерін қалай сақтау керектігі және жеке мүлікті қалай қорғау керектігі туралы кеңестер берілді. Полицейлер ІІМ жоғары оқу орындарына түсу шарттарын түсіндіріп, «102» мобильді қосымшасы туралы ақпарат берді.

Кездесуде буллинг мәселесіне де көңіл бөлінді. Қорқытудың құрбандарға қандай психологиялық әсер ететіні туралы айтылды.

Облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов заңды сақтау әрқайсымыздан басталатынын және жастарға қоғамдағы тәртіп ережелерін сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру қажеттігін атап өтті. Полицейлер алдағы уақытта да осындай іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.