Павлодарлық шаңғы-роллерлер Тайландтың спринтін бағындырды

Жарыс бірнеше күнге созылған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Тайландтың Пхетчхабури қаласында шаңғы-роллер бойынша Азия кубогының алғашқы кезеңі өтті.
Қазақстан құрамасы сапында Павлодар облысының спортшысы Юрий Тумашев өнер көрсетті. Күтпеген ауа райы жағдайларына қарамастан, Юра жарыста жақсы нәтиже көрсетті.
Облыстық спорт басқармасының мәліметінше, жарыстың алғашқы күні 1,3 шақырымда классикалық әдіспен спринт жарысы өтті. Бұл кезеңде Юра іріктеуден сәтті өтіп, ширек финалға шықты. Ол жалпы қорытынды бойынша жарысты 21 орынмен аяқтады.
Жарыстың екінші күні Юра үшін сәттірек болды. Спортшылар 12 шақырым қашықтыққа еркін әдіспен жарысты. Бұл сайыста ол үздік ондыққа кіріп, оны жапты.
Ал жарыстың үшінші күнінде, 16 шақырым классикалық әдіспен өткен сайыста біздің спортшымыз 11 орын алды.
Доданың соңғы күні еркін әдісімен суперспринт өтті. Бұл кезеңде де Юра ширек финалға шығып, жалпы есепте 16-орынға ие болды.
Азия кубогының келесі, екінші кезеңі Оңтүстік Кореяда 4–6 тамыз аралығында өтеді.