Павлодарлық спортшы қазақ күресінен Азия кубогінен жүлделі оралды

Павлодарлық спортшы қазақ күресінен Азия кубогінен жүлделі оралды
Фото: Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық түрлері бойынша спорт клубынан

Жарыс Қарағанды қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кеншілер қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі өтті. Биылғы боз кілем бәсекесі Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Диханбай Биткөзовтың жүлдесіне арналды.

«Сарыарқа батырлары» 2019 жылдан республикалық турнир болып басталған. Биылғы жылдың ерекшелігі – әр облыстан бір құрама командадан және бір салмақта бір баладан және бес мемлекеттен спортшылар бақ сынады.

– Додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай және Моңғолия елдерінің мықты спортшылары қатысты. Біздің спорт клубтың спортшысы Мұхтар Далелханұлы +100 келі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды, – деді Павлодар облысы Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық түрлері бойынша спорт клубында. 

Чемпиондар 400 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Екінші, үшінші орын алған балуандар да қаржылай марапат алды.

Еске сала кетейік, Мұхтар Дәлелхан 2023 жылы «Қазақстан барысы» жобасына қатысып, жүлделі үшінші орынға табан тіреген. Оған бұл жеңісі үшін әкімдік жаңа автокөлік сыйға тартқан болатын.