Павлодарлық жас шахматшылар республикалық чемпионаттың жүлдегерлері атанды
Жарысқа 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаладан шамамен мыңға жуық бала мен жасөспірім қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
20–30 қаңтар аралығында Түркістан қаласында 6, 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Интеллектуалдық жарыс классикалық шахмат, рапид және блиц бағдарламалары бойынша ұйымдастырылды.
Павлодар облысынан 58 спортшы қатысты. Екібастұздық шахматшы Зере Нарымбет 10 жасқа дейінгі рапидтен жарыста бірінші орын, Азалия Балаканова блицтан үшінші орын иеленсе, павлодарлық Мунира Рау 16 жасқа дейінгі санатта блицтан екінші орын алды. Сондай-ақ, екібастұздық Жания Науанова 18 жасқа дейінгі шахматшылар арасында блицтан екінші орын, ал классикалық шахматтан үшінші орын иеленді.