Павлодарлықтар этнолог Халел Арғынбаевты еске алды
Музейде этнологқа арналған бұрыш ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи – өлкетану музейінде ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті отандық этнолог Халел Арғынбаевты еске алу кеші ұйымдастырылды.
- Мен институтқа түсер кезде Халел атам маған "мықты тарихшы бол" деп батасын берге. Бүгінгі таңда Жас дарын мамандандырылған мектебінің тарих пәні мұғалімімін,- дейді этнологтың ұрпағы Айнаш Қақабаева.
Айта кету керек, Халел Арғынбаев 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Х.Арғынбаевтың ғылыми ізденістерінің басты бағыты оның зерттеулерінің кітап болып жарық көруі. Яғни оның алты монографиясы басылып шықты.
Музейде жарық көрген еңбектерінен, сыйға алған марапаттарынан, өмір деректерінен, жеке заттарынан ат әбзелдеріне байланысты салынған туындыларынан құралған көрме ашылды.
Мақсат Көлтай