Павлодарлықтар «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша баспаналы бола алады

Павлодарлықтар «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша баспаналы бола алады
pexels.com

Тұрғындар «Достық» шағын ауданындағы 9 қабатты, 5 кіреберісті көп қабатты үйден пәтер ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің мәлімдеуінше, №23 тұрғын үйдің құрылыс жұмысы 2022 жылдың 30 маусымында аяқталған.

- Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 160 мың теңге. Мұнда 175 пәтер бар. Мұнда 1 бөлмелі пәтер түрі саны 40. Оның  максималды көлемі 38,86 ш.м. бағасы – 6 217 600 теңге. Ал 2 бөлмелі пәтер саны 90. Оның 45-інің көлемі 62,77 ш.м. Оның бағасы 10 043 200. Ал қалған жартысының көлемі 81,20 ш.м. бағасы – 12 992 000 теңге. Сонымен қатар, көлемі 80,78 ш.м. болатын 45 пәтер 3 бөлмелі. Оның бағасы – 12 924 800 теңге, - делінген хабарламада.

Бағдарламаға қатысуға ниеттілер өтінішті 18 қыркүйектен бастап, 4 қазанға дейін бере алады. Ал сатып алушылар тізімін қалыптастыру яғни үміткерлерді іріктеу күні 5 қазанға жоспарланған. 

- Ескеретін жайт, ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша 2022 жылғы негізгі тізімнің басымдығын ескере отырып, банк салымшыларынан да өтініштер қабылданады. Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 100 000 теңге жинағы болуы тиіс. Қатысуға арналған өтінішті банктің otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады, - дейді бөлім.

Ал заем беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% -ы көлеміндегі жинақ ақшасы болған кезде ғана мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің otbasybank.kz және www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.