Павлодарлықтардың салық төлеу көрсеткіштері жақсарды ма?

Павлодарлықтардың салық төлеу көрсеткіштері жақсарды ма?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстың 30 мың тұрғыны әлі де салық бойынша қарыздарын өтемеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірде  2024 жылдағы статистикаға сүйенетін болсақ көлік құралдарына салынған салық бойынша 870 миллион теңгеден астам қарыз бар. Осы уақытқа дейін азаматтарға берешігі бар туралы 32 мыңнан астам хабарлама жіберілді. Осыған қарамастан мамандардың пікірінше, облыс тұрғындары салықты төлеу бойынша көрсеткіштер жақсару үстінде. 

– 2022 және 2023 жылдары салық төлеу көрсеткіштері 15 және 18 пайызды құраса, былтырғы жылы 10 пайызды құрады. Осылайша, тұрғындардың арасында салықтарды төлеу дисциплинасы жақсарып келеді, – деді Расул Ахметуалиев.

Былтырғы жыл бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне қатысты салықтың есептелген сомасы шамамен 342 миллион теңгені құрайды. Қазіргі уақытта бюджетке шамамен 270 миллион теңге түсті. 

Салық сомасын білу және төлеу үшін азаматтар арнайы қосымшалардың көмегіне және банк қосымшаларына жүгіне алады.

– Азаматтар «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі» деректемелері бойынша, сондай-ақ «Halyk Bank», «Kaspi Bank» банктерінің қосымшалары арқылы білуге және бір мезгілде төлеуге болады, – деді бөлім басшысы.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың 2024 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Ол уақытқа дейін қарыздары бар азаматтар төлем жасамаса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес аударымдар жасау, банктік шоттар ашу, несие рәсімдеу бойынша қызметтерді пайдалана алмайды.