Павлодарлықтарды аула фестиваліне шақырады
«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында өтетін шара 13 маусым күніне жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс орталығында «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында өтетін «ERTIS AULA FEST» спорттық-ойын-сауық аула фестивалі өтеді.
Іс-шара бағдарламасына спорттық турнирлер (отбасылық эстафета, армрестлинг, гір көтеру), сондай-ақ каратэ, еркін күрес бойынша көрсетілімдер, би қойылымдары және шығармашылық көрмелер кіреді.
Аула фестивалі 13 маусым күні сағат 11:00-де Малайсары батыр көшесі, 8-де өтді.
Шараға қызығушылық танытқан кез келген адам қатыса алады.