Павлодарлықтарды балалықтың үлкен мерекесіне шақырады

Павлодарлықтарды балалықтың үлкен мерекесіне шақырады
Фото: pexels.com/Wolfgang Weiser

Спорт пен шығармашылыққа арналған жарыстар өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубтар желісінің ұйымдастыруымен 24 мамыр күні сағат 10:00-де қалалық саябақта «Bala FEST» болады.

Павлодарлықтарды ұлттық нақыштағы гипс бұйымдарын безендіру, сурет салу және қолөнер бойынша шеберлік сағаттар, қазақ және әлем балалар әдебиетінің классикасымен таныстыратын интерактивті кітап көрмесі, этно алаң «Ұлы дала ойындары»: асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, садақ ату, «Жігер CUP» – шотокан каратэ мен қазақша күрестен ашық турнир күтеді.

Сондай-ақ, «Жігер» клубтарының өнерлі тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Балалық шақ – жарқын әлем!» атты жарқын концерттік бағдарлама өткізіледі.