Павлодарлықтарды сән көрсетіліміне шақырады

Ұлттық киімдер топтамасы арқылы көрермендерге қазақ модасының сұлулығы ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
18 наурыз күні сағат 15:00-де облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында қазақтың ұлттық киім үлгілеріне арналған «Оюлар сөйлейді» атты сән көрсетілімі өтеді.
– Іс-шарада ұлттық дәстүр мен заманауи стиль үйлесім тапқан киімдер көпшілік назарына ұсынылады. Бұл көрсетілім ата-бабамыздан қалған мұраны ұлықтап, қазақ мәдениетінің байлығын насихаттауға бағытталған. Ұлттық киім үлгілері ою-өрнекпен әрленіп, халқымыздың сәндік өнерін айшықтайды, – деді ұйымдастырушылар.
Өтетін орны: Торайғыров көшесі, 48, «Шаңырақ» орталығы.