Павлодарлық зейнеткерлер психологтан кеңес алды

Павлодарлық зейнеткерлер психологтан кеңес алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодар «Қызыл жарты ай» ұйымының еріктілері «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясын жалғастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының төртінші шағын ауданының еңбек ардагерлері үшін тәжірибелі психологпен кездесу ұйымдастырылды.

Психологтың көмегі қарт адамдарға жасына байланысты өзгерістерге бейімделу, лайықты демалыста өмірдің жаңа мағынасын табу, өмір жолын түсіну және қабылдау үшін қажет. Сонымен қатар, маман павлодарлық зейнеткерлерге денсаулықты қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған жаттығуларды көрсетті.

«Қызыл жарты ай» мүшелерінің айтуынша, «Жақсылық жаса» жобасы мұқтаж жандарға көмектесу ғана емес, бұл –  қиын сәттерде бір-бірін қолдауға дайын адамдардың қауымдастығы. Еріктілер павлодарлықтарды ерікітілерге қосылуға және игі іске атсалысуға шақырды.