Президент Үкіметті отставкаға жіберді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды akorda.kz.
Жарлық мәтіні төменде жарияланады:
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 5 ақпан