Сайлау: Тереңкөлдіктер бұрынғы әкімге қайта сенім білдірді

Сайлау: Тереңкөлдіктер бұрынғы әкімге қайта сенім білдірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

5632 сайлаушының жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тереңкөл ауылдық округі әкімі лауазымына үш кандидат ұсынылды. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі Ризабек Айтмағамбетов үшін дауыс берді. Осылайша, «AMANAT» партиясы ұсынған 41 жастағы ауыл әкімі өз қызметін сақтап қалды.

Бұдан бөлек, Баянауыл ауданында да әкім сайлауы өтті. Күркелі ауылдық округінің әкімі қызметіне екі кандидат үміткер болған. Дауыс берудің  қорытындысы бойынша жеңімпаз болып өзін-өзі ұсынған 27 жастағы Қаныш Сағадат танылды. Ол – Баянауыл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімінің басшысы болып қызмет етеді.

Келесі сайлау 2026 жылдың 10 мамырында өтеді. Онда Железин ауданының тұрғындары  Ақтау ауылдық округі мен Майлы ауылдық округінде ауыл әкімдерін сайлайтын болады.