Тамыздың соңына қарай Павлодар облысында ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі
Жаңбыр жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» мәліметінше, 23 және 24 тамызда ауа температурасы түнде +10…+15, күндіз +23…+28 градус болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 метр секундқа дейін жетеді.
25 тамызда өңірдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен найзағай сақталады. Түнде ауа температурасы +7…+12, күндіз +22…+27 градусқа дейін төмендейді. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 метр секундқа дейін күшейеді.
26 және 27 тамызда жауын-шашын сақталады. Түнде салқын болып, күндіз ауа температурасы +32 градусқа дейін көтеріледі.
28 тамызда найзағай, қатты жаңбыр, күндіз бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Түнде +12…+17, күндіз +22…+27 градус болады. Жел оңтүстік бағытқа ауысып, 9-14, екпіні 15-20 метр секундқа дейін жетеді.
Тамыздың соңғы үш күнінде қатты жаңбырға бұршақ қосылады. Түнгі температура +10…+15, күндіз +17…+22 градус шамасында болады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 метр секундқа дейін жетеді.