Торайғыр ауылы маңындағы жол апатынан жасөспірім көз жұмды
Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша, Lada-21214 автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі кюветке аударылған. Апат салдарынан кәмелетке толмаған жолаушы алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылып, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.
Павлодар облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Тәртіп сақшылары белгіленген жылдамдық режимін асырмауға, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде барынша мұқият болуға және көлік құралдарының техникалық жай-күйін тұрақты бақылауда ұстауға шақырды.