Туған қалаға саяхат: Павлодарда суретшінің дебюттік жеке көрмесі ашылады

Туған қалаға саяхат: Павлодарда суретшінің дебюттік жеке көрмесі ашылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Экспозицияда 20-дан астам жұмыс ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

4 қыркүйекте 16:00-де облыстық кітапханадағы Айна галлереясында балалар көркемсурет мектебінің суретші-педагогы Анна Аткинаның «Буйство красок» атты дебюттік жеке көрмесі ашылады.

– Жұмыстар әр түрлі уақыт аралығында акрил және майлы бояумен жасалды. Картиналардағы сюжеттер саяхаттардан және туған қаланың мотивтерінен алынған,– делінген хабарламада.

Көрме 20 қыркүйекке дейін жалғасады.