Успен ауданында үйінде қаруды заңсыз сақтаған тұрғын айыппұл төлейді

Успен ауданында үйінде қаруды заңсыз сақтаған тұрғын айыппұл төлейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полицейлер «Мерген» ЖПШ аясында қару айналымын бақылауды күшейтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, акция аясында тәртіп сақшылары қайта тіркеу мерзімдері мен сақтау шарттарының сақталуына ерекше назар аудара отырып, азаматтық қару иелеріне тексеру жүргізеді.

Мәселен, осы іс-шараның бес күнінде аймақ полицейлері 1266 шаруа қожалығы мен шалғайдағы нүктелерді тексерді.

Тұрғылықты жері бойынша 2156 қару иесі тексеріліп, 36 бұзушылық анықталды.

Мысалы, Успен ауданының тұрғыны нақты тұратын мекенжайы бойынша қаруды есепке қоймай, азаматтық қаруды тіркеу тәртібін бұзды. Ол үшін ауыл тұрғынына 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, жауапқа тартылды.