Успен ауылының мектебінде өрт-тактикалық жаттығулар өтті
Шартты өрт сөндіру кезінде 50 оқушы мен 13 мектеп қызметкері эвакуацияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл шара өртті жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. № 17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Успен ауылының Абай атындағы №3 мектепте шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық сабақтар өткізді.
– Өрт-тактикалық жаттығулардың негізгі міндеті – өрттерді жою үшін қажетті күштер мен құралдарды есептеуді анықтау, өрт сөндірушілер мен қызметкерлерінің іс-әрекеттерін пысықтау болды, – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.
Жаттығуларды өткізу барысында тартылған бөлімшелер мен қызметтерге ескертулер болған жоқ.