Видео түсірген: Павлодарда самокат тізгіндеген әйел жазаланды
Жағдай түнде орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығының көшелерінде әйел бір қолымен бейне түсіріп, электр самокатын жүргізген. Оның артында жолаушысы тұрған.
– Бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 7 384 теңге көлемінде айыппұл салынды, – деді департаментте.
Шағын электр көлік құралдарының жүргізушілеріне рөлді ұстамай жүруге, жолаушыларды тасымалдауға, жүкті тасымалдауға, жақын жерде велосипед жолы болған кезде жолда жүруге тыйым салынады.