Қонақтар көп: Екібастұзда тәртіп бұзушылар жазаланды
Торайғыров көшесіндегі көпқабатты үйден сағат 00.59-да шақыру түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қоңырау шалушы кеш болғанына қарамастан, көршілерінің пәтерінде қонақтар көп екеніне шағымданған. Олар баспалдаққа шығып, қатты дауыстап сөйлегенін айтқан.
– Полиция тәртіп бұзушыларды жауапқа тартты. Әрбір азамат белгілі бір заңдарды сақтауға, сондай-ақ құқықтық тәртіп мәселелеріне бейжай қарамауға міндетті, – дейді департаментте.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндері сағат 22:00-ден 9:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша жауапкершілік, 5-тен 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл қарастырылған.
Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысында тыныштықты бұзғаны үшін 1485 азамат жазаланған.