1 қазанда Павлодар облысында күн ашық болады

1 қазанда Павлодар облысында күн ашық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қазгидрометтің мәліметінше, батыстан соққан желдің екпіні секундына 5-10 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде +2..+7, күндіз +19...+24 градус жылы болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +4...+6, күндіз +21..+23  градус көрсетеді.