21 ақпанда Павлодар облысында аяз сақталады

21 ақпанда Павлодар облысында аяз сақталады
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашынсыз,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -20...-25°C, облыстың оңтүстігінде -17°C болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Күндіз ауа температурасы -10...-15°C. Облыстың батысы мен оңтүстігінде қар, боран болуы мүмкін. Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман болады.

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, облыстың батысы мен оңтүстігінде 15–20 метрге дейін жетеді.

Павлодар қаласында түнде -20...-22°C, күндіз -12...-14°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман күтіледі.