Ақтоғай ауданында дәрігерлік амбулаторияның жөндеуінде бұзушылықтар табылды

Ақтоғай ауданында дәрігерлік амбулаторияның жөндеуінде бұзушылықтар табылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күрделі жөндеу жүргізуге сексен миллион теңгеден астам қаражат бөлінген болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұргүл Қайырденованың айтуынша, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде ауылдық округтерде дәрігерлік амбулаториялар салынуда, ал мұндай мекемелер бар жерлерде күрделі жөндеуден өтуде.

– Ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулатория бас медициналық мекеме болып табылады. Бұл оның барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы керек дегенді білдіреді, – дейді қоғам жетекшісі.

Алайда, Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жобалау-сметалық құжаттамасын зерделеу және осы объектіні көзбен шолып тексеру барысында мырышталған болаттан ауа өткізгіштерді төсеу жобадан алынып тасталғаны анықталды. 

– Бұл мекемеде медициналық қызметтер көрсетілетіндіктен, ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін желдету қажет. Желдету жоқ бөлмелерде тыныс алу және жұмыс істеу қиын. Сондықтан ауа өткізгіш кез-келген желдету жүйесінің маңызды элементі болып табылады, – делінген хабарламада. 

Осы факт бойынша тапсырыс берушіге қатысты «Ақтоғай аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне біздің өтінішімізге сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы жасалып, анықталған басқа да бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жазылды. 

– Ауыл тұрғындары мекемелердің барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларына сәйкес келетін сапалы жөндеуден өткен сапалы медициналық қызмет алуға құқылы, – дейді Нұргүл Қайырденова.

Айта кету керек, күрделі жөндеу жүргізу үшін шамамен 82 миллион теңге бөлінді.