«Академиктер кубогі»: Павлодарлық оқушылар квиз-ойында пікір алмасты

«Академиктер кубогі»: Павлодарлық оқушылар квиз-ойында пікір алмасты
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Оған 7-8-сыныптарда оқитын 190 оқушыдан құралған 38 команда қатысты, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

М. Әлімбаев атындағы, № 15, 27, С. Торайғыров атындағы, Малайсары батыр атындағы мектептерде, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының негізінде алты жерде «Академиктер кубогі» квиз ойындарының қалалық іріктеу туры өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы - Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы.

Ынта-жігері тасып тұрған  жас қатысушылар бас қосты. Әр аудиторияда жеңіл пікірталас болды, нағыз интеллектуалды шайқас сезілді,  – дейді клубтың  педагогі Денис Морозов.

«География» раундында оқушылар картадан жасырылған жерлерді оңай тапса, «Елтану» бөлімінде мерекелер мен дәстүрлер туралы білімдерімен таң қалдырды. «Флора мен фауна» раунды нағыз қиындыққа толы кезең болды: сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар туралы сұрақтар командаларды өздерінің барлық эрудицияларын көрсетуге мәжбүр етті. Ал музыкалық раундта шырқалған әуендер көрермендердің көңілін көтерді. 

Жарыстың нәтижесінде үш командадан жартылай финалға өтті. Бұл ұжымдар білім мен командалық рухтың табысқа жетудің кілті екенін көрсетті. 

Өте қызықты болды. Біз көптеген жаңа нәрселерді білдік және өз білімімізді тексере алдық, – деді А. Шамкенов атындағы мектеп командасының капитаны Ясмин Қуанышева.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, ойын тек жарысқа ғана емес, сонымен қатар интеллект пен достықтың мерекесіне айналды әрі эрудиция мен командада жұмыс істеу қабілетін дамытудың қаншалықты маңызды екенін еске салды. 

Мен өз командамды мақтан тұтамын, біз шынымен де жақсы нәтижеге қол жеткіздік, енді келесі кезеңдерді күтеміз және ойын жыл сайын болады деп сенемін, – дейді № 26 мектеп командасының капитаны Кирилл Григурко.

Іріктеу турларының нәтижелері бойынша жартылай финалға М. Әлімбаев атындағы, М. Әуезов атындағы, Р. Нұртазина атындағы, А. Шамкенов атындағы, А. Бөкейхан атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Малайсары батыр атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, Кенжекөл мектебі, Жетекші мектебі, № 9, 15, 29, 18, 6, 32, 33, 46 мектептері жалпы 18 команда өтті. Қатысушыларға дипломдар мен марапаттар табысталды. 

Жартылай финалистер ойынының қорытындысы бойынша үш команда финалдық ойынға қатысу үшін жолдама алады.