Алтын домбыра-2024: Павлодарлық ақын – үздіктер қатарында
Жыр додасы Астана қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
7-8 желтоқсан күндері елордада ұйымдастырылған «Алтын домбыра-2024» айтысына «Төрлет, еңбек адамы» тақырыбы арқау болды.
Бұл аламанда Ертіс-Баян өңірінің намысын Аспанбек Шұғатай қорғады. От ауызды, орақ тілді ақынымыз іріктеуден сүрінбей өтіп, финалдық айтыста да қарсыласынан басым түсті. Қазылар алқасының шешімімен үздік үштікті қорытындылады.
Ал «Алтын домбыра» қызылордалық Мейірбек Сұлтанханға бұйырды.
Еске сала кетейік, Аспанбек Шұғатай Баянауыл ауданындағы Мойылды шатқалында академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен республикалық ақындар айтысында үздік атанып, автокөлік ұтып алған болатын.