Арқан тартыстан ел құрамасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына сақадай сай

Арқан тартыстан ел құрамасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына сақадай сай
Фото: worldnomadgames.kz

Щучинсктегі олимпиадалық даярлау орталығында арқан тартыстан ұлттық құрама дайындығын пысықтап жатыр, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Көшпенділер ойындарына қатысатын ерлер құрамасы 10 адамнан тұрады, әйелдер құрамасында 10 спортшы 7 қыркүйекке дейін оқу-жаттығу жиынында болады.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – «Alageum Electric» компаниялар тобы.

Айта кетейік, Павлодар облысы атынан қатысатын жеті спортшы Алматы, Көкшетау қалаларында тыңғылықты оқу жаттығуларынан өтті. Алдағы уақытта, яғни 28 тамызда Астана қаласына оралып, 7 қыркүйекке дейін дайындық үстінде болады. Спортшылар  бір жыл бойы жарақатсыз дайындықтан сүрінбей өтті.