Асайын Байханов: Домбыра тек музыкалық аспап емес, ол ұлттың жаны

Асайын Байханов: Домбыра тек музыкалық аспап емес, ол ұлттың жаны
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімі өңір жұртшылығын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

–  Баршаңызды халқымыздың болмысын даралайтын, табиғатын танытатын, ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деді аймақ басшысы.

Домбыра тек музыкалық аспап емес, ол ұлттың жаны, дауысы мен ұлттық жады. Домбыра үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған.

– Бүгін біз мәдени құндылықтарымыз бен дәстүріміз қос ішектің үні мен күмбірлеген күй арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ұлағаттап жүрген барша жандарды ұлықтаймыз, – деді Асайын Байханов.

Облыс әкімі халқымыздың қасиетті домбырасының төрімізден ешқашан түспеуін тіледі.