Ақсуда жеткіншекті зорлап, өлтірген қылмыскер Ресейде ұсталды

Ақсуда жеткіншекті зорлап, өлтірген қылмыскер Ресейде ұсталды
Фото: Константин Шелков

Ол іздеуде жүргеніне 15 жылға жуық уақыт болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, Ресей Федерациясының Краснодар қаласында Ақсу қаласының кәмелетке толмаған тұрғынын зорлап өлтірген қылмыскер құрықталды. Ол 2008 жылдың қараша айынан бері Павлодар облысының полиция департаментімен іздеуде жүрген. Бүгінгі таңда қылмыскердің жасы 42-де. 

Томскіде аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін Павлодар облысының полиция департаменті тамыз айынан бері іздеу салған 21 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. 

Еске сала кетейік, Павлодар сотына баланы зорлаған ер адамға қатысты іс Павлодар сотына түсті. 10 жастағы қызға өгей әкесі 1 жыл бойы қорлық көрсеткен.