Баянауыл көлдеріне дөңмаңдай балықтары жіберілді

Баянауыл көлдеріне дөңмаңдай балықтары жіберілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл балықтар – табиғи мелиоратор, су айдындарын тазартып, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қызыл-Тау» ЖШС директоры, Павлодар облыстық мәслихат депутаты Арман Рахмашевтың айтуынша, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінде ақмарқа және дөңмаңдай балықтары жіберілді. Бұл шаралар 2024, 2025, 2026 жылдарға жоспарланған.

 Баянауыл өлкесінің байлығын сақтап қалу – барлығымызға ортақ міндет. Көлдердегі экологиялық жағдай өте күрделі болып тұр. Нақтырақ айтатын болсақ, Сабындыкөл, Жасыбай, Біржанкөл, Торайғыр көлдері. Сабындыкөл көліне отыз сегіз мың, Торайғыр көліне он мың балық жіберілді, – деп атап өтті Арман Рахмашев.

Бұл балықтар шабақ тастамайды, шөп пен қамысты жеп, көлді тазартады, он-он екі келіге дейін өседі. Спорттық әуесқой балық аулауға септігін тигізеді.  

Еске сала кетейік, соңғы жылдары бұл көлдерді қамыс басып кеткен. Сондықтан қамыстың өсіп кетуін бейтараптандыру және алдын алу үшін осы балықтар таңдалған.