Баянауылда өрттен тоғыз жасар бала көз жұмды

Баянауылда өрттен тоғыз жасар бала көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бес бөлмелі үй жанған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 10 қаңтарда сағат 02: 58-де Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылында үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.

– Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бес бөлмелі газоблоктан салынған үйде  ағаш шатырдың, жиһаз бен үй заттарының жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы –180 шаршы метр, – деді департаментте. 

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін учаскелік полиция қызметкері және көршісі 2013 жылы туған бала мен үй иесінің ағасы үйден шығарылды. Үйде алты адам болған: үш ересек және үш бала. Үш адам өздігінен үйден шығып, көрші үйде тұратын үй иесінің ағасынан көмек сұраған. Ол үйде қалған балаларды шығарған.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 2015 жылғы бала құтқарылды. Өкінішке орай, бала ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. 

Тілсіз жау сағат 06:25 минутта сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орында анықтаушы мен зерттеу сынақ өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр.