Бәйет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеруде

Бәйет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеруде
К.Шелковтың иллюстрациялық суреті

Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Нысанның іргетасы 2025 жылы «Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасы аясында қаланған болатын. Бүгінгі таңда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан кешен 2026 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Мердігер ұйым — «Промжилстройкомплекс» ЖШС. 

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мәриям Мәлікова мен Бәйет ауылдық округінің әкімі Қанат Шайхисламов нысанның құрылыс барысымен танысты.

- Жобаның негізгі мақсаты - ауыл тұрғындары үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту және барлық жас санатындағы азаматтарға дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға қолайлы жағдай жасау. Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, жаттығулар өткізуге, спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға және сауықтыру бағытындағы сабақтарға арналады, - делінген хабарламада. 

Ауыл әкімі нысанның іске қосылуы салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ ауыл халқы үшін спорттық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жұмыс барысы жауапты органдардың тұрақты бақылауында бола бермек.