Екібастұздықтар бесік арбаларды безендіріп, сыйлық ұта алады

Қатысушыларға қолдау көрсету топтарын тартуға рұқсат етіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«АМАNАТ» партиясының Екібастұз қалалық филиалы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында қалалық білім беру бөлімі мен «Екібастұз» балалар қоры» ҚҚ-ның қолдауымен «Бесік арбалар шеруі» қалалық байқауын жариялайды.
Іс-шара 2025 жылғы 31 шілдеде сағат 15:00-де «Самғау» шығармашылық орталығының аумағында өтеді.
Байқауға 3 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар (ата-аналар немесе туыстары) қатыса алады. Қолдау көрсету топтарын тартуға рұқсат етіледі.
– Байқауға қатысушылар арбаның қозғалысына кедергі келтірмейтін және басқаларға қауіп төндірмейтін кез келген технологияны және қосымша құрылғылар мен керек-жарақтарды пайдалана отырып, балалар арбасын (жазғы немесе қысқы нұсқа) әрлеуі керек, – делінген хабарламада.
Қатысу үшін 21 шілдеге дейін 051272-72@mail.ru электронды поштасына өтінім жіберу керек. Қосымша сұрақтар үшін 8 (701) 523-52-41 (Татьяна Викторовна) нөміріне хабарласуға болады.