«Ертістің» бұрынғы футболшылары ҚПЛ клубынан шақырту алды
Оларды тағы бір экс-павлодарлық ойыншы жаттықтыратын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз футбол мектебінің түлегі Дмитрий Шомко Талдықорғандық «Жетісуға» шақырылды. 2025 жылы «Жетісу» командасын Қазақстан құрамасының аты аңызға айналған қорғаушысы, 1999 жылы «Ертіс» сапында чемпион болған, сондай-ақ 2015 жылы Павлодарда ойнаған Самат Смақов жаттықтыратын болады.
«Жетісуға» тағы бір «экс-ертістік» Дмитрий Шмидт шақырту алды. 2018-2019 жылдары қапталдағы қорғаушы «Ертіс» сапында екі маусым өткізіп, команда сапында барлығы 69 матч өткізген. Дмитрий Шмидт Дмитрий Шомко сияқты соңғы маусымын «Елімайда» өткізді. Олардан бөлек, Самат Смақов семейлік футбол жанкүйерлерінің сүйікті ойыншысы Еркебұлан Нұрғалиевке де қызығушылық танытуда.
Бір қызығы, «Жетісуда» Самат Смақовқа «Ертістің» бұрынғы бас бапкері Николай Гавриш көмектеседі. Өткен жылы оның жетекшілігімен қайта жаңғырған клуб Бірінші лигаға жолдама жеңіп алды. 2025 жылы павлодарлықтар маңыздылығы жағынан еліміздегі екінші деңгейлі футбол дивизионында өнер көрсетеді.