HALYQ DAUYSY қатысушылары: Эстрада-цирк колледжінің үздігі және жас аранжировщик
HALYQ DAUYSY LIFE Халықаралық фестивалі күнделігінің кезекті шығарылымы жарық көрді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жүргізушілер Естай Рысбек пен Айдана Дүйсен келесі бес финалистің есімін жариялады. Олардың арасында республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары бар.
Марал Ахметбекова Алматыда тұрады. 2014 жылы республикалық эстрада-цирк колледжін вокал мамандығы бойынша үздік бітірген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дипломын алған. Қазіргі таңда өзі білім алған мектепте вокалдан сабақ береді.
Ақтөбеден келген жас бәсекелесі Айбибі Мұрат небәрі 13 жаста. 7 жасынан бастап ән айта бастаған. Жергілікті музыка мектебінде оқиды. Павлодарлық Інжу Рахым алты жасынан бастап қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарда өнер көрсетіп келеді. Өткен жылы жас әнші облыстық «Алтын микрофон» байқауында бірінші орын алған.
Шыңғыс Асығатұлы музыканттар отбасында дүниеге келген: Шыңғыстың әкесі музыкант, ал анасы домбырада ойнайды. Гитара, домбыра және фортепианодан басқа, өз әндерін жазып, аранжировка жасайды.
Павлодар эстрадасының тағы бір жарқырап жанып келе жатқан жұлдызы – 17 жасар Қарақат Ғабдуллина. Музыкаға деген құштарлығынан басқа, сурет салуды және би билегенді ұнатады. Классикалық шығармаларды орындайды, әртүрлі мерекелерде өнер көрсеткенді ұнатады.
HALYQ dauysy фестивалі облыстық радионың 85 жылдығына орай өткізіледі. 22 финалист бас жүлде үшін бақ сынайды. Бас жүлде қоры – 3 000 000 теңге.
Қорытынды концертті «Таң.кз» таңғы шоуының радио жүргізушілері ашады. Концерттік бөлімді белгілі КВН ойыншысы және шоумен Данияр Жұмаділов өткізеді. Жобаның басты қонағы – қазақстандық әнші Мирас Жүгінісов. Сондай-ақ кешке эстрадалық әнші Еңлік, «Аdai» триосы, Hatikoali шақырылды.
Айта кетейік, гала-концерт 26 мамырда сағат 19:00-де «Ertis Promenade» сахнасында өтеді.
Шараның бас серіктесі - «KAZ MINERALS» тобы