Кезекте тұрған ақтоғайлықтар жаңа үйге көше алады

Кезекте тұрған ақтоғайлықтар жаңа үйге көше алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Нысан 1,5 айдың ішінде дайын болады деп жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай ауылында 24 пәтерлі жаңа үй салынуда. Ғимарат үш кіреберіс және екі қабатты болады. Құрылыс барысымен танысу үшін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов аудан орталығына іс сапармен келді.

Құрылысшы Нұрғали Тасбергенұлының айтуынша, үйдегі кәріз жүйесі септик қылып салынды.

– Әр пәтерде дайын жуыну бөлмесі бар: дәретхана, ванна және шұңғылша. Яғни, жаңа үйдің тұрғындарына сантехника сатып алудың қажеті жоқ, – деп қосты инвестор.

Әрбір пәтердегі төбенің биіктігі аспалы төбелерді ескере отырып, 2,5 метрге жетеді. Еденге линолеум төселген.

Үй екібастұзда өндірілген кірпішпен қапталған, қабырғалары пеноплекспен оқшауланған. Құрылысшылар келесі жылы үйге кірер жолды төсеп, үйдің айналасына кеспетас төсеуге уәде берді.

Бұл үйге кезекте 150 адам тұр: жеті – жетім санатынан, 66 – әлеуметтік осал топтарынан, көп балалы аналар мен апатты үйлерде тұратын адамдар.

Үйдің құрылысы қаңтар айында басталып, ағымдағы жылдың маусым айында аяқталады.