Павлодар мен Ақсуда фенологиялық бақылау жүргізіледі
Жұмыстың барлығы тапсырыс беруші мен ғылыми сүйемелдеу мамандарының тікелей қатысуымен жүзеге асырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ғылыми топтың ұсынысы бойынша 27 мамыр күні келесі жұмыстар жоспарлануда:
- сағат 10:00-ден бастап Павлодар және Ақсу жағалауларында;
- сағат 11:00-ден бастап Павлодар ауданының сол жағалауы, Май ауданының Көктөбе, Шыған, Кеңтүбек ауылдарында тосқауылды өңдеу;
- сағат 11:00-ден бастап Май ауданында жаяу өңдеу;
- сағат 14:00-ден бастап Ақтоғай ауданының АК1, АК2 авиаалаңдарын авиаөңдеу.
- сағат 14:00-ден бастап Павлодар қаласының П6, П8, П9, П10, П11, П12, П13, П14 авиаалаңдарын авиаөңдеу;
- сағат 16:00-дан бастап Ертіс ауданының Қараөткел, Ынтымақ, Кеңес ауылдарында, Тереңкөл ауданының Песчаное, Ынталы, Қарасуық ауылдарында, Ақтоғай ауданының Исантерек, Жаңааул, Қараоба, Әуелбек, Өтес ауылдарында, Май ауданының Көктөбе және Кеңтүбек ауылдарында, Железин ауданының Үрлітөбе, Прииртышск, Башмачное, Железин, Моисеевка, Пятирыжск ауылдарында тосқауылды өңдеу.
Ғылыми сүйемелдеу бойынша облыстық мердігерлік ұйым – «Биосфера» ЖШС ҒӨК. «ВиК ЛТД» ЖШС, облыстық мердігерлік ұйымы, «Мурза Строй» ЖШС, «Сервис «Дезо» ЖШС Май ауданының мердігерлік ұйымдары, «ИнжСтройПрект» ЖШС Железин ауданының мердігерлік ұйымы өңдеу жұмыстарын орындайды.