Павлодар облысында белдік тақпаған он мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодар облысында белдік тақпаған он мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: pexels.com

Ереже бұзғандар өз әрекеттерін белдікті тақпағанын ұмытып кеткендерімен түсіндірген, деп хабарлайды@Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полициясының жүйелі түрде жүргізіп отырған профилактикалық жұмыстарына қарамастан, жол қозғалысы ережелерінің жиі бұзылатын түрлерінің бірі – қауіпсіздік белдігін тақпау.

– Мысалы, Н. Назарбаев пен Кривенко көшелерінің қиылысында орнатылған ЖБО орталығының камераларына Mercedes маркалы автокөліктің жүргізушісі көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны түсірілді. Тағы бір жағдайда Н. Назарбаев даңғылында бейнебақылау камераларына Wolkswagen маркалы көлік тіркелді, оның жүргізушісі де белдік тақпаған, – деді департаментте.

Ереже бұзғандар өз әрекеттерін белдікті тақпағанын ұмытып кеткендерімен түсіндірген. Екі факті бойынша да автокөлік жүргізушілеріне қатысты әкімшілік материалдар толтырылған.

Айта кету керек, жыл басынан бері тәртіп сақшылары қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін шамамен тоғыз мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтаған.

Полиция қызметкерлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жолда мұқият әрі сақ болуды ескертеді. Себебі, сіздің жауапсыздығыңыз басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

«Заң және тәртіп» қағидаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған ішкі істер органдарының қызметінің негізі болып қала береді. Ереже бұзғандар өз әрекеттері үшін сөзсіз жауап береді.