Павлодар облысында полиция қызметкері өзіне оқ атып, комаға түсті
Құқық қорғау органдары тергеуді бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ертіс аудандық полиция бөлімінің кіші сержанты өзіне табельдік қарудан оқ атқаны туралы хабар kerek.pv Telegram-каналында пайда болды. Посттың авторы мұның бәрі 22 жастағы құқық қорғау қызметкері үйге түскі асқа келгенде болғанын хабарлады.
– Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Жағдайлар мен себептер анықталуда. Полиция қызметкері жаңсақтау бөлімінде, – деді полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейсов.
Бірінші қалалық ауруханада кіші сержанттың жағдайы ауыр екенін әрі комада жатқанын және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғанын хабарлады.