Павлодар облысында притон құрған қылмыстық топ мүшелері сотталды

Павлодар облысында притон құрған қылмыстық топ мүшелері сотталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар сотта кінәларын мойындаған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жеті адамға қатысты қылмыстық топ ұйымдастыру және жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар құру, сондай-ақ аталған қылмыстарды жасау нәтижесінде алынған қаражатты заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚР ҚК 262-б. 1-б., 309-б. 3-б., 218-б. 3-б.).

2017 жылдан 2023 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңде жеті адам Павлодар және Екібастұз қалаларында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оларда рөлдерді бөліп алып, жезөкшелікпен айналысатын притондар ұстаған. Алынған 650 миллион теңгеден астам кірісті заңды айналымға тарту арқылы заңдастырған.

Сотталғандардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттық дәлелдемелермен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және сараптамалық қорытындылармен дәлелденді.

Сотталушылар кінәларын мойындамай, ақтауды сұрады. Қылмыстық заңда бұл әрекет үшін тек 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

– Барлық кінәлі тұлғаларға қылмыстық рөліне, жеке басына және басқа да жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға байланысты, ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы: біреуіне 10 жыл, тағы бір айыпталушыға 7 жыл, қалғандарына – 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.